Жарақат салдары және сегіз матчтық сәтсіздік: «Бернли» Сәтпаевсыз алғаш рет жеңіске жетті
Англия Чемпионшипінің 18-турында «Бернли» сырт алаңда «Миллуоллды» 1:0 есебімен ұтып, ұзақ үзілістен кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап.

Англия Чемпионшипінің 18-турында «Бернли» сырт алаңда «Миллуоллды» 1:0 есебімен ұтып, ұзақ үзілістен кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап.
Лондонда өткен бұл матчтағы жалғыз әрі шешуші голды 51-минутта Джейдон Банел соқты. Қазан айының соңында тағайындалған жаңа бас бапкер Фабио Челестинидің жетекшілігімен ұжым осылайша алғашқы рет ұпай олжалады. Айта кетейік, бұған дейін команда қатарынан сегіз кездесу бойы жеңіс дәмін тата алмай келген болатын.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев алған жарақатына байланысты бұл ойынға да шыққан жоқ. Қазір «Бернли» 14 ұпаймен турнир кестесінде 18-орында келеді, ал 18 ұпайы бар «Миллуолл» 19-сатыға тұрақтаған.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.