Ойылудың алдын алу және жүріп-тұруы қиын жандарға күтім: Алматыда паллиативтік көмек мектебі ашылды
Алматыда жүріп-тұруы қиын науқастардың туыстарын ауыр халдегі жандарға үйде күтім жасауға тегін үйрете бастады, деп хабарлайды NewsAsia.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда жүріп-тұруы қиын науқастардың туыстарын жақындарына үй жағдайында күтім жасау ережелеріне тегін үйрете бастады, деп хабарлайды NewsAsia.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. Мамандандырылған курстар қалалық паллиативтік көмек орталығының базасында іске қосылды.
Қазіргі уақытта 30-ға жуық адам оқудан өтіп жатыр. Қажетті құралдармен жабдықталған бөлмеде оларға науқастарды тамақтандыруды, гигиеналық процедураларды жүргізуді, ойылудың алдын алу үшін дене қалпын өзгертуді және сырқаттарды қауіпсіз қозғалтуды үйретеді. Мамандардың нақтылауынша, осындай қысқамерзімді жобаларды республиканың өзге өңірлерінде де іске қосу жоспарланған.
Алматы қалалық паллиативтік көмек орталығының директоры Әйгерім Аяғанова жобаны құру қажеттілігін былай түсіндірді:
«Ауыр халдегі пациент стационардан үйіне шығарылған кезде, оның туыстары тұрмыстық қиындықтарға тап болады, олардың алдында медициналық міндеттер тұрады. Науқастардың жақындары осы мәселемен жалғыз қалмауы үшін біз осындай мектеп ашуды ұйғардық. Бұл тәсілдердің барлығын тәжірибелі мейіргер дәл осы жерде манекен үстінде үйретеді».
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.