28 қараша 2026 Астана −5° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Алматыда такси жүргізушісі Жапониядан келген туристен 14 шақырым үшін 95 мың теңге сұраған

Алматыға Жапониядан келген турист әуежайдан қалаға дейінгі 14 шақырым жол үшін таксиге 95 мың теңге төлеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыға Жапониядан келген турист әуежайдан баратын жеріне дейінгі 14 шақырымдық жол үшін такси жүргізушісіне 95 мың теңге төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылық тұрғынның айтуынша, шетелдік құрбысын әуежайдан жергілікті таксишілер күтіп алып, өздерінің ресми қызмет екенін әрі есептегішпен жүру әлдеқайда арзан болатынын айтып сендірген. Бірақ жарты сағатқа созылған сапар соңында жүргізуші қыруар ақша талап еткен. Картадан 40 мың теңге шешілген соң банк күмәнді операцияны бұғаттап тастайды, ал таксист мұны жолаушыға “жеңілдік жасадым” деп түсіндірген. Тіпті сапар аяқталғаннан кейін турист қызға WhatsApp арқылы жазып, жақын танысуды және қаланы тегін көрсетуді ұсынған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, желідегі жазбадан соң тексеру жүргізіліп, такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Жолаушылардың, оның ішінде шетелдік туристердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы бақылауда. Әлеуметтік желілер мен басқа да арналар арқылы түскен әрбір ақпарат бойынша тиісті шаралар қабылданады”, – делінген полиция таратқан хабарламада.

Еске салсақ, 2024 жылы осы әуежайда үндістандық саяхатшы блогер Комал Махешвариден таксиші әуелде 1000 теңге деп, кейін 77 мың теңге бопсалаған еді. Салдарынан турист 30 мың теңгесін беруге мәжбүр болған, ал тәртіпке бағынбаған жүргізуші кейін 15 тәулікке қамауға алынған.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.