28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Токенов бұралқы иттердің кесірінен тағы шығынға батты: әкімдік көмек беруден бас тартты

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында бұралқы иттер жергілікті шаруаның қорасындағы малын қырып кетті. Бұл туралы NewsAsia.kz Turkystan.kz сайты мен «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Токенов бұралқы иттердің кесірінен тағы шығынға батты: әкімдік көмек беруден бас тартты
Фото: Turkystan.kz

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында бұралқы иттер жергілікті шаруаның қорасындағы малын қырып кетті. Бұл туралы NewsAsia.kz Turkystan.kz сайты мен «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл тұрғыны Нұрлан Токенов қабаған төбеттерге қарсы тұра алмай отырғанын айтады: халықта тұзақ та, атып алатын мылтық та жоқ. Ол жараланған малын телефонға түсіріп алып, полицияға шағым түсірген. Бірақ жергілікті әкімдік еш көмек болмайтынын бірден кесіп айтқан.

“Соны кеше әкімдікке барып, айтып едім. "Қараймыз, қараймыз" деді, қағазымды қараған жоқ. Арыз жазу жөнінде де ештеңе айтқан жоқ. Тек ауызша айтты. "Сіздер не істейсіздер" дегенде бұлар "бізде ақша бөлінген жоқ, анау-мынау" деді”, – деді Нұрлан Токенов.

Еске салсақ, шаруа бұған дейін де осы бұралқы иттердің кесірінен жапа шеккен. Былтыр дәл осы ауылда төбеттер күндіз 80 қойды бауыздап кеткен болатын. Жұрттың малын ақысына бағатын тұрғын сол кездегі қарызынан әлі толық құтыла алмаған.

Бүгінде қаңғыбас иттер өңірдегі шенділерді де әбігерге салып отыр. Себебі күн сайын 30 шақты адам ит қапты деп шағымданады. Жыл басынан бері тоғыз мыңнан аса ит ауланған.

“Бүгінде 1800 ит ұсталып, олардың жартысына эвтаназия әдісі қолданылды. Бірақ қаламызда иесіз хайуандар әлі көп. Ит талап, зардар шеккендер де азаяр емес”, – деді қалалық ТҮКШБ басшысы Асылжан Хайруллин.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.