28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Насибулов сатылымның күрт өсуіне байланысты энергетиктерге толық тыйым салуды ұсынды

Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіру мен елге тасуға түбегейлі тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Насибулов сатылымның күрт өсуіне байланысты энергетиктерге толық тыйым салуды ұсынды
Фото: Turkystan.kz

Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіру мен елге тасуға түбегейлі тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. Мұндай талапты Құрылтай отырысында депутат Мақсұт Насибулов көтерді.

Дерекке сүйенсек, елде шектеулерге қарамастан бұл сусындарға сұраныс азаймай тұр. 2023 жылы 215 миллион литр энергетик өтсе, былтыр оның көлемі 355 миллион литрге бір-ақ жеткен. Екі жылда сатылым 65 пайызға артқан.

“Біріншіден, 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сату деректерін анықтап, олардың интернет арқылы сатылуын бақылау қажет. Екіншіден, мұндай сусындардың адам денсаулығына әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеу керек. Сондай-ақ дүкен сөрелеріндегі өнімдердің құрамындағы кофеин мен басқа да заттардың мөлшерін тексеру маңызды”, – дейді Мақсұт Насибулов.

Бұл бастаманы “Әкелер одағы” ұйымы да қолдап, тыйым салу бойынша петицияға қол жинауды бастап кетті. Олар көктемге дейін 50 мың дауыс жинауды көздейді. Дәрігерлердің айтуынша, сусынды үнемі ішу жүрек пен асқазанға зиян, тіпті диабетке әкелуі мүмкін. Соңғы екі жылда күніне бірнеше құты энергетик ішкен екі адамның жүрегі сыр беріп, тағы біреуінің асқазаны тесілген.

Еске салсақ, өткен жылдың қаңтарынан бастап бұл сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынған, ал биылдан бастап өнімге акциз қосылған еді.

Бізді Google арқылы оқисыз ба? NewsAsia.kz сайтын таңдаулы дереккөздерге қосыңыз — біздің жаңалықтар «Басты жаңалықтар» блогында жоғарырақ көрсетіледі.

Қате таптыңыз ба? Мәтін үзіндісін белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз.

Сәуле Есенова
Сәуле Есенова
Шетелдегі меншікті тілші және халықаралық

Шетелдегі меншікті тілші және халықаралық киноиндустрия мен шоу-бизнес шолушысы. Ірі медиа агенттіктердің баспасөз қызметтерінде және халықаралық PR-жобаларда жұмыс тәжірибесі бар. Әлемдік кинофестивальдерді, ойын-сауық индустриясының жаһандық трендтерін жариялайды, сондай-ақ шетелдегі диаспора өкілдерімен және табысты отандастармен эксклюзивті сұхбаттар шығарады.

Автордың барлық материалдары

NewsAsia.kz Telegram-да

Шұғыл жаңалықтар мен қысқа талдаулар — біздің арнада.

Арнаны ашу

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.