0:5 есебі және турнирмен қоштасу: Даниял Сәбит Ташкенттегі әлем кубогында жеңіліске ұшырады
Қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Ташкентте World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңінде алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Ташкентте World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңінде алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.
50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы өзбекстандық Шодиёржон Меликузиевпен кездесті. Қарсыласы 2024 жылғы IBA нұсқасы бойынша Азия чемпионы атағына ие. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен жеңісті бірауыздан өзбек боксшысына берді. Осылайша Меликузиев жартылай финалға жолдама алса, Сәбит жарыс жолын жүлдесіз аяқтауға мәжбүр болды.
World Boxing ұйымдастырған әлем кубогының үшінші әрі қорытынды кезеңі 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Бұл турнирге жалпы 30 ұлттық федерациядан 132 спортшы келді. Қазақстан намысын аталған жарыста барлығы 11 боксшы — алты ер және бес әйел қорғайды.
Әйелдер құрамасынан Карина Ибрагимова тайбэйлік У Ши Имен, Бақыт Сейдеш қытайлық Лю Янмен, Шұғыла Налибай ресейлік Елена Гапешинамен, Валерия Аксёнова үндістандық Найнамен, ал Дина Исламбекова үндістандық Наиля Патанмен қолғап түйістіреді.
Ерлер арасында Фарух Тоқтасынов қырғызстандық Ихтияр Нишоновпен, Аман Қонысбеков ресейлік Сергей Сергеевпен, Өнер Сейілхан қырғыз спортшысы Алмаз Орозбековпен, Сұлтанбек Айбарұлы Норбек Абдуллаев немесе Идар Заниловпен, ал Дәулет Төлемісов үндістандық Харш Чоудхаримен шаршы алаңға шығады.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.