Мәсімовтің атын жамылған бұрынғы полицей Кадыров сотталды
Алматыда өзін ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің туысымын деп таныстырып, 159 миллион теңгеге жуық қаражатты қалтасына басқан бұрынғы полиция полковнигі Алимжан Кадыров 6 жыл 8 айға сотталды. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, бұрын Ішкі істер министрлігінде лауазымды қызмет атқарған экс-шенеунік төрт алаяқтық дерегі бойынша кінәлі деп танылды. Ол сенгіш таныстарының мәселесін шешіп беремін деп ірі көлемде ақша алған. Атап айтсақ, біреуге «Алтын квадраттағы» жер телімін рәсімдеп беру үшін 53 мың доллар, екіншісіне Алматы облысындағы алма бағын қайтарып беруге 200 мың долларға жуық қаржы сұраған. Тағы бір азаматтың шетелге шығу шектеуін шешуге 35 мың доллар, бизнес сылтауымен 48 мың доллар және Мәсімовтің жұбайын емдетуге деп қосымша 10 мың доллар қолды еткен.
Тергеу олардың арасында ешқандай туыстық байланыс жоқ екенін анықтады. Кадыров сотта кінәсін мойындамағанымен, сот оны кінәлі деп тапты және келтірілген материалдық шығынды өтеуді міндеттеді. Бұл істі тергеу 2020 жылдан бері, яғни бес жылдан астам уақытқа созылып, қазіргі таңда үкім заңды күшіне енді.
Еске салсақ, бұған дейін Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов пен оның ағасы Медер Ресейде кәсіпкер Анатолий Балушкинге 52 миллион рубль шығын келтірді деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған болатын.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.