28 қараша 2026 Астана −5° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Қынаджы Анкарада түрік жастарының қазақ тіліне неге құмар екенін түсіндірді

Анкарадағы Қажы Байрам Уәли университетінде түрік жастары қазақ тілі мен әдебиетін бакалавриаттан докторантураға дейін оқып жатыр, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қынаджы Анкарада түрік жастарының қазақ тіліне неге құмар екенін түсіндірді
Фото: Aikyn.kz

Анкарадағы Қажы Байрам Уәли университетінде түрік жастары қазақ тілі мен әдебиетін бакалавриаттан докторантураға дейін оқып жатыр, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқу орны оқытушыларының мәліметінше, жергілікті студенттер жай ғана грамматика жаттамайды, Алаш мұрасын зерттеп, қазақ авторларының шығармаларын түрікшеге аударады. Сонымен бірге домбыра үйреніп, «Тұран» мен «Хас Сақ» этно-топтарының әндерін сүйіп тыңдайды. Түрік жастарының қазақ тілін таңдауына мәдени жақындықпен бірге екі мемлекет арасындағы сауда, туризм мен дипломатияның дамуы себеп болып отыр. Оның үстіне тәжірибе жинау үшін Қазақстанға бару басқа өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда қолайлы.

Университет профессоры Жәмилә Кынаджының сөзінше, биыл оқуға түскен кей студент қазақшаны бастапқы деңгейде меңгеріп келген:

“Балалар қазақ музыкасын тыңдайды, домбыраға қызығады. Кейде тілді үйренуге деген алғашқы ынта осындай өнерден басталады”, – дейді Жәмилә Кынаджы.

Еске салсақ, Түркияда түркі тілдерін үйрететін орталықтар Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін құрыла бастады. Алғашқы кафедралар 1992 жылы Анкара университетінде, ал 1993 жылы Гази университетінде ашылып, бүгінде бұл бағыт Қажы Байрам Уәли оқу ордасында табысты жалғасып келеді.

Түркия жастарының біздің тілге ден қоюы екі ел арасындағы қарым-қатынастың болашақта одан әрі беки түсетінін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.