Мұхамедьярова пәтерде түлкі мен тарақан ұстап, көршілері шу шығарды
Қостанайдағы көпқабатты үй тұрғындары бірінші қабатта түлкі асырап, тарақан көбейткен кәсіпкерге наразы болып жатыр. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанайдағы көпқабатты үй тұрғындары бірінші қабатта түлкі асырап, тарақан көбейткен кәсіпкерге наразы болып жатыр. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындардың мәліметінше, бірінші қабаттан пәтер алған зоодүкен қожайыны жем ретінде сатуға тарақан өсіріп, пәтерде түлкі ұстаған. Соның кесірінен үй іші сасып, жәндіктер басқа пәтерлерге жайылған.
“Жемнің иісі мүңкіп тұрады, тарақандар бүкіл үйге тарады. Олар жемдік жәндіктер сатады. Шағымдарымызға ешкім құлақ аспайды. Түлкілерді де әкелді. Бірінші қабаттан 79-пәтерді сатып алып, сол жерде ұстаған. Бірде таңертең көлік жууға бара жатсам, түлкі жүр. Басында ондатра терісі шығар деп ойладым. Аяғыммен түртіп қалсам, төмен қарай секіріп кетті. Кіреберісте жүрген”, – деді үй тұрғыны Анатолий Стокоз.
Ал кәсіпкер Юлия Мұхамедьярова көршілерінің айыптауымен келіспей отыр. Оның сөзінше, дүкен әлі ресми ашылмаған, ал жемдік тарақандар кәдімгі бөлмеде көбеймейді. Түлкілер болса сатылғанға дейін бірнеше күн ғана уақытша тұрған.
Полицияның мәліметінше, бұл істе олардың құзырына жататын заң бұзушылық жоқ, себебі иіс пен жәндіктер мәселесін тәртіп сақшылары тексермейді. Енді тұрғындар санитарлық қызмет пен ветеринарлардың есігін қақпақшы.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда да пәтердегі антисанитария салдарынан подъезді тарақан қаптап, көршілері шағымданған болатын.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.