Қырғызстан сарапшылары Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің дамуына жоғары баға берді
Бішкекте Қырғызстанның қоғам қайраткерлері мен ғылыми орта өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды NewsAsia.kz «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап.

Бішкекте Қырғызстанның қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және ғылыми орта өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды NewsAsia.kz «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап.
Кездесуге қатысушылар Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кадрларды икемді даярлаудың үздік үлгісі болып табылатынын атап өтті. Сарапшылардың бағалауынша, колледждерге берілген дербестік оқу бағдарламаларын жұмыс берушілердің сұранысына жедел бейімдеуге және сұранысқа ие құзыреттері бар мамандарды дайындауға септігін тигізеді.
— Бұл білім беру саласындағы серпіліс, өйткені қазір әлем жыл санап емес, ай сайын өзгеруде және заманауи мамандар қажет. Кәсіптік-техникалық білім беру дербестікке ие болып, заманауи өзгерістерге бейімделе алатыны туралы тұжырым өте орынды. Білім беру жүйесі еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағдарлануда, бұл өте дұрыс. Қазақстан цифрландыру, экономика, саясат және басқа да салаларда өзін мамандармен қамтамасыз ете алады, — деді «Exclusive.kg» интернет-басылымының бас редакторы Семетей Аманбеков.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.