28 қараша 2026 Астана −5° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Алматыда Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Алматыдағы Достық үйінде ТМД-ның қалыптасуына негіз болған Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік жиын өтті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Фото: Aikyn.kz

Алматыдағы Достық үйінде ТМД-ның қалыптасуына негіз болған Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік жиын өтті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткізілген «Алматы декларациясы: диалог, ынтымақтастық және тату көршіліктің 35 жылы» атты конференцияны Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Сыртқы істер министрлігі және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Шарада сарапшылар экономика, энергетика және көлік саласындағы көпжақты байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Жиынды ашқан ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов декларацияда бекітілген мемлекеттердің егемендігі, аумақтық тұтастығы мен шекаралардың мызғымастығы қағидаттарының маңызына тоқталды. Басқосуға ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев арнайы үндеу жолдаса, ұйым Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенко 2022-2025 жылдары Достастық елдерінің арасындағы сауда көлемі 18 пайызға артқанын мәлімдеді. Сонымен бірге жиын сессияларында халықаралық сарапшылар Орта дәліздің тиімділігін арттыру, бірыңғай тариф пен цифрлық рәсімдерді енгізу мәселелерін ортаға салды.

Бізді Google арқылы оқисыз ба? NewsAsia.kz сайтын таңдаулы дереккөздерге қосыңыз — біздің жаңалықтар «Басты жаңалықтар» блогында жоғарырақ көрсетіледі.

Қате таптыңыз ба? Мәтін үзіндісін белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз.

Алия Жұмабекова
Алия Жұмабекова
Сән және бьюти-индустрия бөлімінің редакторы

Сән және бьюти-индустрия бөлімінің редакторы, инфлюенс-маркетинг пен әлеуметтік желілер шолушысы. Мансабын жергілікті брендтерге арналған коммерциялық түсірілімдердің стилисі және креативті продюсері ретінде бастаған. Сән апталықтарын жариялайды, поп-мәдениет феномендері мен интернет-трендтерді талдайды, сондай-ақ редакцияның диджитал арнайы жобаларының визуалды эстетикасына жауап береді.

Автордың барлық материалдары

NewsAsia.kz Telegram-да

Шұғыл жаңалықтар мен қысқа талдаулар — біздің арнада.

Арнаны ашу

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.