Шымкент маңындағы фермадан 120 есек табылып, кәсіпкерге айыппұл салынды
Шымкент маңында есек асырап, етін сатпақ болған кәсіпкерге айыппұл салынды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент маңында есек асырап, етін сатпақ болған кәсіпкерге айыппұл салынды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті тұрғындар ауылды қолқаны қабатын жағымсыз иіс алып кеткенін және көшеде есектердің қаптап жүргенін айтып, Тұран ауданының биі Батыр Арыстановқа шағымданған. Ауыл биі шаруашылыққа арнайы барып, ондағы 120 есекті өз көзімен көрген. Ал қожалық иесі мал етін Қытайға өткізбек болғанын алға тартқан.
Қалалық ветеринария басқармасы мамандарының мәліметінше, сойылған жануарлардың етін саудалау дерегі ресми түрде тіркелмеген. Дегенмен тексеру барысында шаруашылық аумағында төрт есектің сойылып, көмілгені анықталды.
Сонымен бірге ақпарат көзі сапасыз азық-түлікке қатысты Солтүстік Қазақстан облысында болған оқиғаны да еске салады: Қызылжар ауданындағы Надежда елді мекенінде дүкеннен сатып алынған тұшпараны жеген екі бала уланып, көз жұмған еді.
Мұндай оқиғалар күнделікті тұтынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне аса мұқият қарау қажеттігін тағы бір мәрте ескертеді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.