Тазша бала бүгінгі адамдарға неге өкпелеп қалды
Тазша бала қазіргі адамдардың ештеңеге сенбейтініне налып, Желаяқпен бірге өткен ғасырларға кетіп қалды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тазша бала бүгінгі адамдардың ештеңеге сенбейтініне налып, Желаяқпен бірге өткен замандарға қайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, тұнжырап отырған Тазша балаға Желаяқ кезігіп, көңілсіз күйінің себебін білген. Кейіпкердің сөзінше, бүгінде адамдар шындықтың өзіне күмәнмен қарайды және оған жасанды интеллект те кінәлі. Бұрын оның қисынды өтірігіне тіпті патша сеніп, қызын ұзатса, қазіргі жұрт ештеңеге иланбайды.
Тазша баланың айтуынша, ол көпшілікке Астанадағы көпқабатты үйден сегіз чемодан доллар шашылғанын, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» басшылары ҰҚК қызметкерлерінің қолына түскенін айтқан. Алайда жиналғандар оған сенбей, мазақ етіп қуып шыққан.
“Тазша бала! Бүгінгінің адамдарын ештеңемен таңдандыра алмайсыз. Одан да Сізді арқалап, өткен ғасырларға апарып тастайын. Сол замандар тыныш”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Желаяқ сөзінде тұрып, ренжіген серігін арқалап өткен ғасырлар қойнауына қарай алып қашты.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.