28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Астанада «Түнгі аялдама – Достық, 11» мәдени жобасы басталды

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Түнгі аялдама – Достық, 11» мәдени-ағартушылық жобасы басталды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада «Түнгі аялдама – Достық, 11» мәдени жобасы басталды
Фото: Aikyn.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Түнгі аялдама – Достық, 11» мәдени-ағартушылық жобасы басталды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Бастама Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру шаралары туралы Жарлығы аясында ұйымдастырылды. Алғашқы кездесуге журналист Айнұр Омар, мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров және «Paraqta» платформасының негізін қалаушы Ердәулет Құрал қатысып, кітапхана мен аталған оқу платформасы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Жиында мамандар бүгінгі медиа кеңістік, мәдени құндылықтар және кітаптың адам өрісін кеңейтудегі маңызын сөз етіп, цифрлық жүйелер арқылы оқырман ықыласын арттыру жолдарын талқылады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, оқырмандардың ғылым, мәдениет, медиа және технология өкілдерімен жүздесіп, еркін пікір алмасуына арналған жобаның негізгі мақсаты — кітап оқуды кеңінен дәріптеу.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.