Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гиза қаласының маңында болған қайғылы жол-көлік оқиғасына байланысты Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гиза қаласының маңында адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы жол-көлік оқиғасына байланысты Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдарының ресми мәліметке сүйеніп таратқан ақпараты бойынша, жол апаты жанармай тасушы көліктің жарылысына ұласып, салдарынан көптеген адам қаза тапқан.
Жеделхат мәтінінде Мемлекет басшысы барша қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына шынайы жанашырлық пен қолдау сөздерін арнап, сондай-ақ ел басына түскен ауыр қазаға байланысты бауырлас Мысыр халқына толық ынтымақтастығын білдірді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.