Оспанбеков шекарадағы ауылдарды қолдауға арналған жаңа заң жобасын таныстырды
Құрылтайда Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің төрағасы Әмірбек Оспанбеков «Шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы» жаңа заң жобасын таныстырды. Бұл туралы NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құрылтайда Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің төрағасы Әмірбек Оспанбеков «Шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы» жаңа заң жобасын таныстырды. Бұл туралы NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Таныстырылымда келтірілген мәліметке сүйенсек, Қазақстанның құрлықтағы шекарасы бес елмен 13 398 шақырымға созылып жатыр. Елдің 14 облысы көрші мемлекеттермен шектеседі. Мемлекет шекарасынан 50 шақырымға дейінгі аймақта 1 283 ауыл бар, онда 1,7 миллион адам күн көріп отыр. Бірақ бұл елді мекендердің көбі шалғайда, тұрмысқа шығын көп кетеді және шекаралық режимнің шектеулері бар.
Жаңа заң жобасы әр өңірге жеке жағдай жасауды көздейді. Ең басты ұсыныстардың бірі — шекарадан 25 шақырымға дейінгі ауылдарда істейтін мұғалімдер, дәрігерлер, бапкерлер мен мәдениет мамандарына жалақыны 1,5 есеге дейін көтеру. Сонымен қатар ауылға келген жастар мен мамандарға баспана, жер телімі, түрлі жеңілдіктер мен субсидиялар беру жоспарда бар. Ал кәсіп ашқысы келетіндерге шағын несие беріліп, пайызы жеңілдетілмек.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші жиынында шекаралық елді мекендердің қауіпсіздік үшін аса маңызды екенін айтып, арнайы заң қабылдауды тапсырған. Бұл жоба халықтың туған жерінен кетпей, ауылда тұрақтап қалуына көмектесуге тиіс.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.