28 қараша 2026 Астана −5° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Анар Нуриқызы ауылдағы апатты кітапханалардың мәселесін көтерді

Қазақстанның кей өңірлерінде кітапханалар әлі күнге дейін апатты ғимараттарда қызмет көрсетіп отыр, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап.

Анар Нуриқызы ауылдағы апатты кітапханалардың мәселесін көтерді
Фото: Aikyn.kz

Қазақстанның кей өңірлерінде кітапханалар әлі күнге дейін апатты ғимараттарда қызмет көрсетіп отыр, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап.

Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Анар Нуриқызының айтуынша, өңірдегі 28 кітапхананың жайы біркелкі емес. Атап айтқанда, Лабай мен Үштаған ауылдық кітапханалары апатты деп танылған клубтарда жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ шалғайдағы Азғыр және Қоңыртерек бөлімшелері қыста қатты отынмен жылытылады, ал аудандық орталық кітапхананың жеке ғимараты жоқ.

Дегенмен жағдай біртіндеп түзеліп келеді. “Жергілікті әкімдік тарапынан кітапхана саласына қолдау көрсетіліп, 2025 жылы кітапханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, қызмет сапасын арттыру және оқырманға қолайлы жағдай жасау мақсатында жергілікті бюджеттен 95 927,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді”, – деді Анар Нуриқызы. Бұл қаржыға компьютерлер, сканерлер мен LED экрандар алынып, Теңіз, Асан және Қызылоба кітапханалары жаңа орынға көшкен.

Өзге аудандардағы көрініс басқаша. Мәселен, Тұрар Рысқұлов ауданындағы 31 кітапхананың көбі мәдениет үйлерінде орналасса, Ақтоғай ауданындағы 18 кітапхананың ішінде апатты ғимарат жоқ — олар толықтай заманауи техникамен қамтылған.

Бізді Google арқылы оқисыз ба? NewsAsia.kz сайтын таңдаулы дереккөздерге қосыңыз — біздің жаңалықтар «Басты жаңалықтар» блогында жоғарырақ көрсетіледі.

Қате таптыңыз ба? Мәтін үзіндісін белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз.

Алия Жұмабекова
Алия Жұмабекова
Сән және бьюти-индустрия бөлімінің редакторы

Сән және бьюти-индустрия бөлімінің редакторы, инфлюенс-маркетинг пен әлеуметтік желілер шолушысы. Мансабын жергілікті брендтерге арналған коммерциялық түсірілімдердің стилисі және креативті продюсері ретінде бастаған. Сән апталықтарын жариялайды, поп-мәдениет феномендері мен интернет-трендтерді талдайды, сондай-ақ редакцияның диджитал арнайы жобаларының визуалды эстетикасына жауап береді.

Автордың барлық материалдары

NewsAsia.kz Telegram-да

Шұғыл жаңалықтар мен қысқа талдаулар — біздің арнада.

Арнаны ашу

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.