28 қараша 2026 Астана −5° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Тоқаев офтейк-шарттарды жылына 2 трлн теңгеге жеткізуді тапсырды

Қазақстанда отандық кәсіпорындармен жасалатын офтейк-шарттардың көлемі жылына шамамен 2 триллион теңгеге жетуі керек. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев офтейк-шарттарды жылына 2 трлн теңгеге жеткізуді тапсырды
Фото: Aikyn.kz

Қазақстанда отандық кәсіпорындармен жасалатын офтейк-шарттардың көлемі жылына шамамен 2 триллион теңгеге жетуі керек. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев реттелетін сатып алуларда жергілікті тауарлардың үлесін көбейтіп, осындай келісімшарттар деңгейін 10 пайызға дейін көтеруді міндеттеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, осы тетік арқылы жаңа өндірістерге 400 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, 3 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Жалпы барлық салада отандық зауыттар мен ірі тапсырыс берушілер арасында бір жылда 707 келісім бекітілді. Оның ішінде энергетика және коммуналдық желілерді жаңарту жобаларына 144 шарт тиесілі.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің мәліметінше, 2026 жылдың 9 айында энергетика саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу көлемі 3,553 триллион теңгені құрады. Оның шамамен 1,9 триллион теңгесі немесе 55,4 пайызы жергілікті бизнеске тиесілі болды.

Еске салсақ, офтейк-шарт дегеніміз — өнімді шығармай тұрып, оны болашақта нақты бағамен сатып алуға берілетін ұзақмерзімді кепілдік. Мұндай келісімдер көбейсе, зауыттар тауарын өткізе алмай дағдармайды, елде тұрақты жұмыс орындары сақталып, шетелдік тауарға тәуелділік азаяды.

Бізді Google арқылы оқисыз ба? NewsAsia.kz сайтын таңдаулы дереккөздерге қосыңыз — біздің жаңалықтар «Басты жаңалықтар» блогында жоғарырақ көрсетіледі.

Қате таптыңыз ба? Мәтін үзіндісін белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз.

Сәуле Есенова
Сәуле Есенова
Шетелдегі меншікті тілші және халықаралық

Шетелдегі меншікті тілші және халықаралық киноиндустрия мен шоу-бизнес шолушысы. Ірі медиа агенттіктердің баспасөз қызметтерінде және халықаралық PR-жобаларда жұмыс тәжірибесі бар. Әлемдік кинофестивальдерді, ойын-сауық индустриясының жаһандық трендтерін жариялайды, сондай-ақ шетелдегі диаспора өкілдерімен және табысты отандастармен эксклюзивті сұхбаттар шығарады.

Автордың барлық материалдары

NewsAsia.kz Telegram-да

Шұғыл жаңалықтар мен қысқа талдаулар — біздің арнада.

Арнаны ашу

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.