28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Иммунитетті нығайту үшін: Жаңаөзен мектептерінде оқушыларға шұбат беріле бастады

Жаңаөзен қаласындағы 25 мектептің бастауыш сынып оқушыларының ас мәзіріне шұбат қосылды. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Иммунитетті нығайту үшін: Жаңаөзен мектептерінде оқушыларға шұбат беріле бастады
Фото: Stan.kz

Жаңаөзен қаласындағы 25 мектептің бастауыш сынып оқушыларының ас мәзіріне шұбат қосылды. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қараша айынан бастап оқушыларға екі аптада бір рет 200 грамдық жеке құтыда ұлттық сусын таратыла бастаған. Қазір Жаңаөзенде 15 мыңнан аса бала осы сусынды ішіп жүр. Бастама жақсы нәтиже берсе, жоба облыстың басқа аудандарына да енгізілмек.

Жобаның көздегені – балалардың денсаулығын күшейту. Өйткені табиғи өнімде ақуыз, кальций, фосфор және В тобының дәрумендері мол. Мектеп-гимназия директоры Күләш Жүгенбаева өнімнің тексерістен өтетінін атап өтті: “Ертеден бастап ата-бабаларымыздың сусыны болғандықтан, біздің балаларымыз бұл сусынды ішуге төселген. Қазір күздің соңғы айы, балаларда иммунитет төмен. Қыс басталып жатыр. Бұл шұбатты мектепке әкелген кезде ең бірінші оның сапасына қараймыз. Оның барлығын қарап отыратын арнайы медбикеміз бар, бракераждық комиссиямыз бар”, – деді ол.

Балалар ішетін сусын Жаңаөзен сүт зауытында дайындалады. Шикізат жергілікті шаруалардан алынып, зертханалық сүзгіден өткізіледі. Мамандар оқушылар үшін ашу деңгейі төмен өнім дайындап жатқанын жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың ас мәзірін өзгерткен. Онда газдалған сусынның орнына итмұрын шырыны, тұздық орнына қаймақ ұсынылып, мәзірге жылқы еті мен көкөніс кірген. Бұл өзгерістердің бәрі балалардың семіріп кетпеуі мен сау жүруі үшін қажет.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.