Астаналық адвокат қамаудан босатуға 7 миллион теңге сұрап, екі жылға сотталды
Астанада қорғауындағы адамды қамаудан үйқамаққа шығарып беруге уәде еткен адвокат сотталып кетті. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада қорғауындағы адамды қамаудан үйқамаққа шығарып беруге уәде еткен адвокат сотталып кетті. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, заңгер мемлекеттік органдарда таныстары барын айтып, қамауға алынған әйелдің жағдайын жеңілдетуді ұсынған. Ол бұл қызметі үшін 7 миллион теңге сұраған.
Алайда қорғауындағы әйел заңсыз келісімге барудан бас тартып, құқық қорғау органдарына арызданған. Нәтижесінде адвокат ақшаны алған сәтте қылмыс үстінде қолға түсті.
Сот үкімімен ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар алты жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Елорда прокуратурасы тергеу барысына заңсыз ықпал ету әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, осындай фактілер жайлы дереу хабарлауды ескертті.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда әскери комиссариат офицері азаматтарды әскерден босатуға уәде беріп, 3,6 миллион теңге пара алғаны үшін сотталған. Оған 29,2 миллион теңге айыппұл салып, лейтенант атағынан айырған еді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.