28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Студенттер қауіпсіздігі үшін: Карина оқу орындарына зорлық-зомбылықты жасырмауды ескертті

Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының басшылығы мен жастарға үндеу жасап, жатақханалардағы әлімжеттік пен бопсалауға тосқауыл қоюды талап етті. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Студенттер қауіпсіздігі үшін: Карина оқу орындарына зорлық-зомбылықты жасырмауды ескертті
Фото: Stan.kz

Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының басшылығы мен жастарға үндеу жасап, жатақханалардағы әлімжеттік пен бопсалауға тосқауыл қоюды талап етті. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа оқу жылы басталғалы студенттер арасында 566 құқық бұзушылық әрекеті анықталған. Оның ішінде көші-қон заңын бұзудың 234 дерегі, тыйым салынған орында шылым шегудің 211 фактісі және 23 ұсақ бұзақылық бар. Қазір жатақханаларға арнайы полиция қызметкерлері бекітіліп, қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды. Студенттер үшін учаскелік инспекторлардың байланыс нөмірлері ілініп, ғимараттарда тәулік бойы күзет қойылған.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Карина университет басшылығына оқу орнының беделін жастардың қауіпсіздігінен жоғары қоймау керектігін қатаң ескертті.

“Зорлық-зомбылық фактілерін жасыруға, студенттердің өтініштерін елемеуге немесе оқу орнының беделін жастардың қауіпсіздігінен жоғары қоюға жол берілмейді. Әрбір хабарламаның артында адамның өмірі мен денсаулығына төнген нақты қауіп тұруы мүмкін. Студенттерге айтарымыз, ешкімнің ар-намыстарыңызды таптауына, қорқытуына немесе заңсыз әрекеттерге мәжбүрлеуіне жол бермеңіздер. Егер зорлық-зомбылықтың, қорқытудың немесе бопсалаудың құрбаны не куәгері болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар”, – деді ол.

Сондай-ақ студент мәртебесі заң алдындағы жауапкершіліктен құтқармайтыны, ауыр қылмыс жасағандар оқудан біржола шығарылуы мүмкін екені айтылды.

Еске салсақ, қараша айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың екі бірдей бірінші курс студенті көз жұмып, полиция қылмыстық іс қозғаған еді. Осы оқиғалардан соң университетте проректор мен декан қызметінен босатылып, Ғылым және жоғары білім министрлігі кешенді тексеріс бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.