Компанияның таратылуы: "Караван" басылымы 31 желтоқсанға дейін ғана жұмыс істейді
Қазақстандағы танымал "Караван" басылымы биыл 31 желтоқсанға дейін ғана жұмыс істейді. Ұжымға компанияның таратылатыны хабарланды.

Қазақстандағы танымал "Караван" басылымы биыл 31 желтоқсанға дейін ғана жұмыс істейді. Редакция қызметкерлеріне компанияның таратылатыны ескертілген, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым журналисі Римма Гахова желідегі парақшасында редакцияда болған жағдайды ашық айтты.
«Кеше бізге компаниямыздың таратылатынын хабарлады. 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейміз. Болды. Тарих осымен аяқталады», – деп жазды Гахова.
Журналист компаниямен бірге кәсіби өмірдің үлкен бір белесі бітіп жатқанын, әріптестерді алда тағы бір ай ғана жұмыс күтіп тұрғанын жеткізді. Одан кейін не болары әзірге беймәлім.
Еске салсақ, бұл медианың тарихы 1991 жылдың 2 тамызында басталған. Оның негізін кәсіпкер Борис Гиллер қалаған болатын. 1990 жылдары апталық басылымның таралымы 300 мың данадан асып, рекорд орнатқан. Ал 2022 жылдың тамызында баспа және қағаз құнының өсуіне байланысты қағаз нұсқасы жабылып, тек Caravan.kz порталы ғана қалып еді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.