28 қараша 2026 Астана −5° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Oi-Qaragai таңғы асқа жеңілдік жасап, демалушылар ұзын-сонар кезекке тап болды

Алматы маңындағы Oi-Qaragai тау курортының таңғы асқа жасаған акциясы үлкен кептеліс туғызды. Орын таппаған келушілер билеттерін кері өткізуге мәжбүр болған.

Oi-Qaragai таңғы асқа жеңілдік жасап, демалушылар ұзын-сонар кезекке тап болды
Фото: Stan.kz

Алматы маңындағы Oi-Qaragai тау курорты арзан таңғы ас үшін акция өткізіп, арты үлкен кезек пен наразылыққа ұласты, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Курорттың ұсынысы бойынша, 9 600–9 900 теңгеге аспалы жолмен көтеріліп, таудағы мейрамханада швед үстелінен тамақтану мүмкіндігі берілген. Алайда демалыс күні барған жұрт бос үстел таппай, сағаттап кезекте тұрған. Келушілердің бірі Дарья Синева отбасымен 30 мың теңге төлеп, таңғы ас іше алмай кері қайтқанын айтып шағымданды. Демалушылар әкімшілік билет сатылымын уақытында тоқтатпағанына наразы.

Курорт әкімшілігінің мәліметінше, акцияның алғашқы сенбісінде демалыс орнына бір мезетте 500-ден астам адам келген.

«"Биіктегі таңғы ас" акциясының алғашқы сенбісі жаңа сауда орталығының ашылуына көбірек ұқсап кетті. Иә, бірден шектеу қоймағанымыз – біздің қатеміз. Мұндай ағын болады деп күтпедік. Бірақ қазір бұл мәселені ескердік», – делінген хабарламада.

Осы жағдайдан кейін ұйымдастырушылар келушілер санын сағатына 100 адаммен шектеп, кассаларды көбейтті және акцияның мерзімін ұзартты.

Бізді Google арқылы оқисыз ба? NewsAsia.kz сайтын таңдаулы дереккөздерге қосыңыз — біздің жаңалықтар «Басты жаңалықтар» блогында жоғарырақ көрсетіледі.

Қате таптыңыз ба? Мәтін үзіндісін белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз.

Алия Жұмабекова
Алия Жұмабекова
Сән және бьюти-индустрия бөлімінің редакторы

Сән және бьюти-индустрия бөлімінің редакторы, инфлюенс-маркетинг пен әлеуметтік желілер шолушысы. Мансабын жергілікті брендтерге арналған коммерциялық түсірілімдердің стилисі және креативті продюсері ретінде бастаған. Сән апталықтарын жариялайды, поп-мәдениет феномендері мен интернет-трендтерді талдайды, сондай-ақ редакцияның диджитал арнайы жобаларының визуалды эстетикасына жауап береді.

Автордың барлық материалдары

NewsAsia.kz Telegram-да

Шұғыл жаңалықтар мен қысқа талдаулар — біздің арнада.

Арнаны ашу

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.