Алаяқтар Маңғыстау облысы әкімдігінің Telegram-чатын пайдалануға тырысқан
Маңғыстау облысының әкімдігі ведомствоның ресми Telegram-арнасының атынан таралып жатқан алаяқтық хабарламалар туралы ескертті.

Маңғыстау облысы әкімдігінің Telegram-чатында платформаны бөтен арнаға көшіру туралы жалған хабарламалардың таралуы тіркелді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Чат әкімшісі бұл таратылымды жоққа шығарып, азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми рәміздерін жамылған қаскөйлердің арбауына түспеуге шақырды. «Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми Telegram-чаты бұрынғы режімде жұмысын жалғастыруда. Тұрғындардың өтініштері, шағымдары мен ұсыныстары бұрынғысынша осы чат арқылы қабылданады», – делінген таратылған мәлімдемеде.
Желілік алаяқтардың әрекетінен қорғану үшін өңір тұрғындарына күмәнді интернет-сілтемелерге өтпеуге, бөгде қоғамдастықтарға қосылмауға, дербес деректерді қорғауға және ақпаратты ресми арналар арқылы қайта тексеруге кеңес берілді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.