Ірі есеп пен 84-минуттағы алаңға шығу: Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» ЦСКА-ны 4:1 есебімен ұтты
Санкт-петербургтік «Зенит» футболшылары РПЛ-дің 16-турындағы сырт алаңдағы ойында мәскеулік ЦСКА-ны 4:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды NewsAsia.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Санкт-петербургтік «Зенит» Ресей премьер-лигасының 16-турындағы сырт алаңдағы кездесуде мәскеулік ЦСКА-ны 4:1 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды NewsAsia.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап. Ойын Мәскеудегі «ВЭБ Арена» стадионында өтті.
Ойынның 20-минутында алаң иелерінің алжирлік қорғаушысы Мохамед Аззидің автоголынан кейін есеп ашылды. Қонақтар қатарында ресейлік вингер Максим Глушенков 40 және 81-минуттарда дубль жасаса, бразилиялық шабуылшы Луис Энрике 51-минутта көзге түсті. Армиялықтар сапындағы жалғыз голды кездесудің 73-минутында Данил Круговой соқты.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зениттің» қосалқы құрамында қалып, ойынның 84-минутында ғана алаңға шықты. Еншіленген үш ұпайдың арқасында қазіргі чемпиондар 34 ұпай жинап, турнирлік кестенің көшін бастады, дегенмен тур қорытындысы бойынша оларды мәскеулік «Динамо» басып озуы мүмкін. ЦСКА 26 ұпаймен үздік бестікті қорытындылап тұр.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.