Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойып, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлайды NewsAsia.kz отандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойып, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлайды NewsAsia.kz отандық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Аталған комиссия мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары мен тәсілдерін айқындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеуге бағытталған жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі комиссияның жұмыс органы болып белгіленді.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері енді. Сонымен қатар алдағы отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы құрылымдардың, өзге де ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы:
- Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға;
- Әсет Арманұлы Ерғалиев – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары;
- Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы;
- Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы;
- Серік Мақашұлы Жұманғарин – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі;
- Жаслан Хасенұлы Мәдиев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;
- Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
- Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
- Дархан Медеғалиұлы Жазықбай – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;
- Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
- Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Астана қаласының әкімі;
- Марат Мұратұлы Ахметжанов – Ақмола облысының әкімі;
- Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды – Алматы қаласының әкімі;
- Болат Оралұлы Ақшолақов – Атырау облысының әкімі;
- Шахмардан Асқарұлы Байманов – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты;
- Сұңғат Қуатұлы Есімханов – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты;
- Шолпан Таңатқызы Каринова – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты;
- Екатерина Васильевна Смышляева – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты;
- Андрей Иванович Лукин – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі;
- Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі;
- Айгүл Амантайқызы Шайымова – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.