26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Банкоглу Астанадағы елшілік құрылысына кеткен 15 миллион доллардың есебін сұрады

Түркия парламентінде Астанадағы елшілік кешенін салуға бөлінген 15 миллион доллардың қайда кеткені туралы дау қайта көтерілді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Банкоглу Астанадағы елшілік құрылысына кеткен 15 миллион доллардың есебін сұрады
Фото: Stan.kz

Түркия парламентінде Астанадағы елшілік кешенін салуға бөлінген 15 миллион доллардың қайда кеткені туралы дау қайта көтерілді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оппозициялық депутат Айсу Банкоглу 19 қарашада бюджет талқыланған отырыста Сыртқы істер министрлігіне өткір сұрақтар қойды. Оның мәліметінше, 2007 жылы Түркия СІМ Yapı Uluslararası İnşaat компаниясымен 26,25 миллион долларға келісімшарт жасасқан. Мердігер жұмыстың 96 пайызын бітірсе де, қаражаттың бір бөлігін ала алмағанын айтып, сотта жеңіп шыққан.

Министрлік мердігерге 15 миллион долларға жуық қаржыны қолма-қол бердік деп сендіріп отыр. Алайда Түркияның бұрынғы елшісі Танер Себен мен әкімшілік атташе Бүлент Юкселтюрк құжаттардағы қолтаңбаларды мойындамаған.

“Бұл 15 миллион доллар кімге, қашан және қандай жолмен төленген? Құжаттардың түпнұсқалығы мен қолтаңбалардың қолдан жасалғаны туралы мәлімдемелер тексерілді ме”, – деп сұрады депутат.

Еске салсақ, Түркия СІМ бұған дейін құрылысқа қатысты барлық ақы толық өтелгенін мәлімдеген еді. Ведомство есеп айырысу кезінде қолма-қол ақша қолданылғанын сол кезеңдегі Қазақстандағы жұмыс жағдайымен түсіндірген. Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан бұл сауалға 19 қарашада жазбаша жауап жолдаған.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.