26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Ұлттық ұлан курсанттары марафон үшін демалысын кітапханада өткізіп жүр

«Кітап оқитын ұлт» марафонының қатысушылары он бес кітаптың жетіншісін оқуға кірісті. Бұл туралы NewsAsia.kz ақпараттық порталы El.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық ұлан курсанттары марафон үшін демалысын кітапханада өткізіп жүр
Фото: El.kz

«Кітап оқитын ұлт» марафонының қатысушылары он бес кітаптың жетіншісін оқуға кірісті. Бұл туралы NewsAsia.kz ақпараттық порталы El.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, марафонның басталғанына 73 күн толды, алдыда тағы 103 күн бар. Осы аралықта қатысушылар 1,8 миллионнан астам кітап оқып, 104 мыңнан аса бейнепікір қалдырған. Ел ішінде ең жоғары белсенділікті Солтүстік Қазақстан облысы көрсетіп отыр: өңірде 16 976 адам жарысқа белсенді қатысуда, оның 1200-ден астамы – студенттер.

Оқырмандар қатарында Ұлттық ұлан академиясының 450 курсанты да бар. Болашақ офицерлер кітап оқу үшін жалғыз демалыс күнін пайдаланады. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми кітапхана курсанттарға қолайлы болуы үшін жұмыс кестесін өзгертіп, демалыс күні болған жексенбіні ресми жұмыс күніне айналдырған.

Батальон командирінің орынбасары Арман Сыздықов курсанттардың бос уақытын оқу залында өткізуге ықыласты екенін байқаған.

«Офицер — сарбаздарын соңынан ерте білетін адам. Ол үшін жалғыз тәртіптің өзі жеткіліксіз. Адамды түсініп, жүрекке жол табатын сөз айта білу керек. Осыны кітап үйретеді”, – дейді ол.

Ал бірінші курс курсанты Алпамыс Есбалаев демалысын тиімді өткізіп жүргенін айтады:

«Қазір марафонның жетінші кітабын бастадым. Ата-анама қоңырау шалғанда, оқуым туралы ғана емес, оқыған кітаптарым туралы да айтамын. Анам менің басқаша, ересек адамша сөйлей бастағанымды айтады”, – деді курсант.

Кітапхана директоры Бейбітгүл Әбілмажинованың айтуынша, ұжым жастар үшін жұмыс кестесін қуана өзгерткен.

«Біз оқырман үшін жұмыс істейміз, ал оқырман жексенбі күні келсе — демек, жексенбі күні кітапхана ашық болуы тиіс”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.