26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Қазақстан жасанды интеллектіні енгізуге дайындық бойынша жаһандық индексте 58-орынға ие болды

Қазақстан Government AI Readiness Index – 2025 жаһандық рейтингінде 58-орын алып, Орталық Азия өңірінде көш бастады.

Қазақстан жасанды интеллектіні енгізуге дайындық бойынша жаһандық индексте 58-орынға ие болды
Фото: NUR.KZ

Қазақстан үкіметтердің жасанды интеллектіні енгізуге дайындығы бойынша Government AI Readiness Index – 2025 жаһандық рейтингінде 58-орынға ие болды. Бұл туралы британдық Oxford Insights талдау компаниясының есебінде көрсетілген, деп хабарлайды NewsAsia.kz іскерлік ақпарат орталығы NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

2025 жылдың қорытындысы бойынша республика Орталық Азия елдері арасында көш бастады. Өңірлік тұрғыда Өзбекстан 62-орынға, Қырғызстан 119-қатарға, Тәжікстан 130-орынға, ал Түрікменстан 159-сатыға жайғасты. Жасанды интеллектіні интеграциялау деңгейі бойынша АҚШ, Франция және Ұлыбритания тиісінше бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленіп, әлемдік көшбасшылар қатарында қалып отыр.

Oxford Insights сарапшылары атап өткендей, Оңтүстік және Орталық Азия жаһандық технологиялар нарығының өзіндік микрокосмосын құрайды. Мамандардың бағалауынша, Қазақстан мен Өзбекстан ЖИ-инфрақұрылымына инвестицияларды арттыру, кадрлық әлеуетті дамыту және цифрлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту есебінен жоғары серпін көрсетуде.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.