26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Ганди саябағында егеуқұйрықтар қаптады: тұрғын қаладағы тазалықтың сиқын көрсетті

Алматыдағы Ганди саябағындағы қоқыс жәшігінен ондаған егеуқұйрық табылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ганди саябағында егеуқұйрықтар қаптады: тұрғын қаладағы тазалықтың сиқын көрсетті
Фото: Stan.kz

Алматыдағы Ганди саябағындағы қоқыс жәшігінен ондаған егеуқұйрық табылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Тұрғын Илья Левин Threads желісінде кеміргіштердің қаптаған видеосын жариялап, дабыл қақты.

Оның пікірінше, егеуқұйрықтардың шектен тыс көбеюі қаңғыбас иттер мен мысықтарды жоюдың тікелей салдары болуы мүмкін. “Табиғат бос кеңістікті көтермейді. Бір жануарларды жою арқылы өзімізге жаңа мәселе тудыруымыз мүмкін. Мүмкін, мұның салдары туралы ойланатын уақыт келген шығар?”, – дейді ол.

Әлеуметтік желідегі шағымға Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жауап берді. Басқарманың мәліметінше, хабарлама түскен саябақтағы сол мекенжайға мамандар барып, дератизация шараларын өткізген.

Еске салсақ, қалада 15 қыркүйек пен 25 қазан аралығында 47 мың гектардан астам аумақ дәріленген еді. Соған қарамастан, күзгі тазалау біткеннен кейін саябақтан кеміргіштердің қайта шығуы тұрғындардың күмәнін туғызып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.