Ақтөбеде жүкті әйелдерге заңсыз декреттік төлем алып берген әйел сотталды
Ақтөбеде декреттік төлем көлемін заңсыз арттырып берген 29 жастағы келіншек сотталды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбеде декреттік төлем көлемін заңсыз арттырып берген 29 жастағы келіншек сотталды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс материалдарына сүйенсек, ол есепшілердің онлайн курсын оқып, жүктілік пен босануға қатысты төлемдердің қалай есептелетінін меңгеріп алған. Кейін әлеуметтік желіде «Декретке миллионмен» деп қызметін жарнамалаған. Әйел болашақ аналарды фирмаларға жалған жұмысқа тіркеп, олардың негізсіз көп ақша алуына жағдай жасап отырған.
Осы қулықтың салдарынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры шамамен 7 миллион теңге залал шекті.
Сот ақтөбелік әйелді алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 2 жыл 7 айға түрме жазасын кесті. Бірақ оның кішкентай балалары бар екені ескеріліп, жазасын өтеу мерзімі кейінге қалдырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, елімізде декреттік төлем әйелдің соңғы 12 айдағы ресми табысына қарап төленеді. Ал 2027 жылдан бастап бұл көмектің шекті мөлшері 29,4 пайызға өспек. Қалыпты босанғанда ол 3,23 миллион теңгеге дейін, асқыну болғанда немесе егіз туғанда шамамен 3,6 миллион теңгеге дейін барады.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.