29 қараша 2026 Астана −6° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Алматыдағы % Arabica ашылуы: ұзын-сонар кезектен Киото брендіне дейін

Алматыда Жапониядан бастау алған әйгілі % Arabica кофеханалар желісі ресми түрде ашылды. Алғашқы күн несімен есте қалды, NewsAsia.kz шолуынан оқыңыздар.

Алматыдағы % Arabica ашылуы: ұзын-сонар кезектен Киото брендіне дейін
Фото: Stan.kz

Esentai сауда орталығында 28 қарашада Жапониядан бастау алған әйгілі % Arabica кофеханасы ашылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Ашылу күні несімен есте қалды, шолуымыздан оқыңыздар.

Киотодан басталған жол

% Arabica — жапондық specialty coffee мәдениетін ұстанатын халықаралық кофехана желісі. Брендтің алғашқы орны 2013 жылы Гонконгта ашылған, ал халықаралық бас кеңсесі мен басты флагмандық нүктесі Жапонияның Киото қаласында орналасқан. 2025 жылғы маусымдағы мәлімет бойынша, желінің бүкіл әлемде 253 кофеханасы жұмыс істеген.

Келушілердің пікірі

Алғашқы күні кофехана алдында ұзын-сонар кезек пайда болып, желіде видеолар таралды. Бұл жағдайға байланысты келушілердің пікірі екіге жарылды.

— «Арабикада» кофе алу үшін кезекте тұрғандар, бір сұраққа жауап беріңіздерші. Неге мен өз ақшама кофе алу үшін кезекте тұруым керек? Меніңше, кофе немесе донат үшін кезек күту – өзіңді құрметтемеу. Кафе таңдағанда мен ең алдымен жайлылыққа, сапалы қызметке және жеке кеңістікке мән беремін. Ақшамды да сол үшін төлеймін. Маған мұндай жағдай тіпті күлкілі көрінеді. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? — деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Ал екінші бір қонақ қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалады:

— Arabica-ның ашылғанын қандай асыға күттік. Іші сондай әдемі, жарық әрі жайлы. Кофесінің дәмі де бұрынғыдай нәзік әрі қанық. Баристаларына бөлек рақмет! Осындай адам көп келіп жатқанда ауысымды аяқтап, күлімсіреуді тоқтатпау оңай емес. Тіпті көңілі толмай, наразылық білдірген қонақтарға да сабырмен қызмет көрсетті. Жарайсыздар! — деп жазды келуші.

Алматыдағы бұл ашылу қала тұрғындарының талғамы қаншалықты әртүрлі болуы мүмкін екенін көрсетті. Біреулер үшін жеке кеңістік маңызды болса, басқалары ерекше дәм үшін кезек күтуге дайын болды.

Бізді Google арқылы оқисыз ба? NewsAsia.kz сайтын таңдаулы дереккөздерге қосыңыз — біздің жаңалықтар «Басты жаңалықтар» блогында жоғарырақ көрсетіледі.

Қате таптыңыз ба? Мәтін үзіндісін белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз.

Сәуле Есенова
Сәуле Есенова
Шетелдегі меншікті тілші және халықаралық

Шетелдегі меншікті тілші және халықаралық киноиндустрия мен шоу-бизнес шолушысы. Ірі медиа агенттіктердің баспасөз қызметтерінде және халықаралық PR-жобаларда жұмыс тәжірибесі бар. Әлемдік кинофестивальдерді, ойын-сауық индустриясының жаһандық трендтерін жариялайды, сондай-ақ шетелдегі диаспора өкілдерімен және табысты отандастармен эксклюзивті сұхбаттар шығарады.

Автордың барлық материалдары

NewsAsia.kz Telegram-да

Шұғыл жаңалықтар мен қысқа талдаулар — біздің арнада.

Арнаны ашу

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.