Сайлау күні Атырауда 11 нәресте өмірге келді
29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау күні Атырау қаласындағы перзентханаларда түнгі 00:00-ден түскі 12:00-ге дейін 11 сәби жарық дүниеге келді.

29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау күні Атырау қаласындағы перзентханаларда түнгі 00:00-ден түскі 12:00-ге дейінгі аралықта 11 нәресте жарық дүниеге келді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Атырау облыстық перинаталдық орталығында сегіз сәби өмір есігін ашса, олардың алтауы — ұл, екеуі — қыз. Ал Атырау қалалық перзентханасында тағы үш бала туып, оның екеуі ұл, біреуі қыз болды. Осылайша, шаһарда жарты күнде барлығы сегіз ұл мен үш қыз дүниеге келді. Сонымен қатар осы уақыт ішінде егіздер мен үшемдердің тууы тіркелген жоқ.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.