29 қараша 2026 Астана −5° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Қазақстанда QR-төлемдер кәдімгі банк карталарын басып озды

Қазақстандықтар пластик картадан гөрі QR-кодпен есеп айырысуды көбірек таңдай бастады. Бұл туралы NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда QR-төлемдер кәдімгі банк карталарын басып озды
Фото: El.kz

Қазақстандықтар пластик картадан гөрі QR-кодпен есеп айырысуды көбірек таңдай бастады. Бұл туралы NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың тоғыз айында халық QR арқылы 15,47 триллион теңгеге 3 миллиардтан астам төлем жасаған. Ал кассадағы POS-терминалдар арқылы картамен есеп айырысу көрсеткіші 14,36 триллион теңгені (2,38 миллиард операция) құрады. Осылайша QR-төлемдер саны жағынан карточкалық төлемдерді шамамен 29%-ға орап кетті. QR-мен жасалған орташа төлем — 5 036 теңге, ал картамен жасалған есеп айырысудың орташа чегі 6 022 теңге болған.

Биыл 19 шілдеден бастап елімізде ортақ QR жүйесі іске қосылған еді. Сатып алушы қай банктің қосымшасы болса да төлей береді әрі оған ешқандай комиссия ұсталмайды, қызмет ақысын тек кәсіпкерлер төлейді.

Қазір үкімет QR-төлемдерді қосылған құн салығынан босатуды талқылап жатыр. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленовтің айтуынша, бұл жеңілдік енгізілген күннің өзінде комиссия бірден арзандамауы мүмкін, өйткені бағаны әр банк өзі белгілейді.

Дегенмен кәдімгі карталар толық жойылмайды. Әсіресе шетелге шыққанда халықаралық карталар әлі де таптырмайтын құрал болып қала береді: қазақстандықтар биыл тоғыз айда өзге елдерде терминалдар арқылы 1,32 триллион теңге жұмсаған.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.