Нұрсұлтан Назарбаев Борис Ельцинмен КҚК құрылысы жобасын қалай келіскенін айтып берді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Борис Ельцинмен КҚК құрылысы мәселесі бойынша уағдаластықтардың егжей-тегжейін мәлімдеді, деп хабарлайды NewsAsia.kz агенттігі NUR.KZ сайтына және «Вести» ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды жобаны келісу жай-жапсары туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ләйлә Альназарованың «Бір бағыт – екі мемлекет. Геостратегиялық жобаға 30 жыл» атты деректі фильмінде айтып берді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өтуінше, шешуші кездесу сол кезде Ресей Федерациясының басшысы емделіп жатқан аурухана палатасында өткен.
— Палатада тікелей отырдық, мен: «Борис Николаевич, өте маңызды әңгімемен келдім, ауруханаға келгеніме кешірім сұраймын, бірақ уақыт күттірмейді» дедім. Картаны жайып жіберіп, көрсеттім – міне мұнай құбыры Ресей аумағы арқылы өтіп, ана жаққа барады, — деп еске алды Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Өткен әңгіме барысында Борис Ельцин ақылдасу үшін Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Виктор Черномырдинмен байланысқан.
— Черномырдинге қоңырау шалып: «Қасымда Нұрсұлтан Әбішұлы отыр, Қара теңізге баратын солтүстік-каспий мұнай құбыры Ресей үшін тиімді ме әлде тиімсіз бе?» дейді. Ол: «Тиімді» деп жауап берді. «Олай болса, мен қол қоямын». Мәселе осылай шешілді, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.