26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Сарыағаш ауданында өткен рейдте 2,5 миллион теңге берешек өндірілді

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында «Борышкер» рейді өткізіліп, мемлекет пен алимент бойынша берешектер өндірілді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданында өткен рейдте 2,5 миллион теңге берешек өндірілді
Фото: Turkystan.kz

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында прокуратура бастамасымен, полиция басқармасы мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Борышкер» жедел-профилактикалық рейді өтті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. Арнайы шара барысында мемлекет пайдасына төленетін әкімшілік айыппұлдар мен салық қарыздарын өндіру, сондай-ақ алимент төлеуден бой тасалағандарды және олардың автокөліктерін табу бағытында тексеру жүргізілді. Нәтижесінде мемлекет кірісіне 1,5 миллион теңге, сонымен бірге 1 миллион теңге көлемінде алимент берешегі қайтарылды. Сондай-ақ тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, қарыздарды дер кезінде өтеу қажеттігі ескертілді. Аудандық қадағалау органы осындай тексеру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.