26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Қазақстан мен Бельгия Астанада жасанды интеллект зертханасын ашады

Қазақстан мен Бельгия ғалымдары Астанадағы Alem.ai орталығында жасанды интеллект зертханасын құруға келісті, деп хабарлайды NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Бельгия Астанада жасанды интеллект зертханасын ашады
Фото: El.kz

Қазақстан мен Бельгия ғалымдары Астанадағы Alem.ai орталығында жасанды интеллект бойынша бірлескен зертхана құру туралы келісімге келді, деп хабарлайды NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, жобаға Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Бельгияның Гент университеті қатысады. Орталық «айна зертхана» моделімен іске қосылады: екі елдің мамандары бір ғылыми жобаны қатар зерттеп, тәжірибе бөліседі. Жұмысты Гент университетінің профессоры Михаэль Ружанский мен Математика және математикалық модельдеу институтының бас директоры Махмұд Сәдібеков басқарады.

Мамандар алғашқы кезекте екі нақты жобаға мән береді. Оның бірі – білім беруді әр адамның жеке қабілетіне бейімдейтін NeuroLearn жобасы. Екіншісі – медициналық деректерді сараптап, Паркинсон ауруының алғашқы белгілерін анықтауға көмектесетін ParkScreen жүйесі.

Еске салсақ, бұл бастама 2026 жылғы маусымда Президенттің Бельгияға жасаған сапары кезіндегі уағдаластықтар аясында қолға алынды. Сондай-ақ тараптар Еуропалық одақтың Horizon Europe бағдарламасынан бірлескен гранттар ұтып алып, ғылыми жұмыстарға халықаралық инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.