Тоқаев Жолдауы және Қытай тәжірибесі: арзан пиардың орнына ғылымға инвестиция салу неге маңызды
Тоқаев ел болашағын озық технология мен ғылыммен байланыстырады, деп хабарлайды NewsAsia.kz қазақстандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Тоқаев елдің болашағы ғылым мен білімге, озық технологияларға тікелей байланысты екенін алға тартты, деп хабарлайды NewsAsia.kz қазақстандық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Қытайдың Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы көрші ел ғылыми зерттеулер мен жаңа технологиялар әзірлеуге 3,93 триллион юань бөлген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,2 пайызға көп. Ал жоғары технологиялық өндірістің қосылған құны 9,4 пайызға өсті. Сондай-ақ Бейжің алдағы бес жылда бұл қаражатты жыл сайын кемінде 7 пайызға арттыруды жоспарлап отыр.
Бір күндік арзан пиар үшін ғимарат салып, лента қиғаннан гөрі, болашаққа жұмыс істейтін жобаларды қолға алу әлдеқайда маңызды. Қазір елімізде шетелдік беделді университеттермен әріптестік күшейіп, жасанды интеллектіні дамытуға, ғылым мен цифрландыруға басымдық беріле бастады.
Еске салсақ, Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауында кейінгі буынға тек табиғи байлықты емес, білімі мен технологиясы дамыған жаңарған мемлекет қалдыру міндетін қойған болатын.
Бұл бізге не береді? Бүгін ғылым мен білімге салынған ақша ертең жаңа жұмыс орындарын ашып, келер ұрпақтың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуына негіз қалайды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.