28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Өмірзақов пен Қымбатов Астанада 90 шақырым жаңа көше салуды жоспарлап отыр

«Әділет» партиясының кандидаттары сайлауалды кездесу өткізіп, Астанада жаңа көшелер салу мен газ тарту жоспарын түсіндірді. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өмірзақов пен Қымбатов Астанада 90 шақырым жаңа көше салуды жоспарлап отыр
Фото: Aikyn.kz

«Әділет» партиясының кандидаттары сайлауалды кездесу өткізіп, Астанада жаңа көшелер салу мен газ тарту жоспарын түсіндірді. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Партия мәліметінше, жиында инфрақұрылымды дамыту мен коммуналдық мәселелер талқыланды. Мәслихат депутаттығына №16 округтен үміткер, QazaqGaz Aimaq бас директорының орынбасары Уәлихан Қымбатов осы салада 13 жыл істеген тәжірибесіне сүйеніп, қаланы газдандыру жұмыстары жайлы сөз қозғады. Ал партиялық тізімдегі Мәди Өмірзақов сайлауалды бағдарламада елордада 90 шақырым жаңа көше салу көзделгенін айтты.

“Бұл тек жол құрылысы ғана емес, сонымен қатар электр желілері мен басқа да инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізуді қамтиды”, – деді Мәди Өмірзақов.

Кездесуге партиялық тізімнен үміткер Нұрлан Сейдалин және Сарыарқа аудандық филиалының төрағасы Азамат Жүсіпқалиев те қатысты.

Еске салсақ, 29 қарашада Астана мәслихатының сайлауы өтеді. Тұрғындарға екі бюллетень беріледі: бірі – партияларға, екіншісі – өз округіндегі нақты кандидатқа дауыс беру үшін қажет.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.