28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Астанада мемлекеттік қызметтегі жасанды интеллект мәселелері талқыланды

Астанада өткен халықаралық жиында мемлекеттік басқару саласына жасанды интеллект енгізу және адами капиталды дамыту мәселелері қаралды.

Астанада мемлекеттік қызметтегі жасанды интеллект мәселелері талқыланды
Фото: Turkystan.kz

Астанадағы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі адам рөлі» атты халықаралық диалог ұйымдастырылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. Жиынға Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Оңтүстік Корея, Польша және Латвия сарапшыларымен қатар отандық мамандар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Шараның ашылуында сөз сөйлеген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған басқару жүйесін жаңа технологиялық талаптарға бейімдеу міндеттерінің маңызына тоқталды. Ол цифрлық кезеңде адам капиталы мен жаңа басқару мәдениетін қалыптастыру қажеттігін айта келе: «Жасанды интеллект мемлекеттік басқарудың құралдарын өзгертеді. Бірақ мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады», – деп мәлімдеді. Бүгінде кадрлық процестерді қамтыған e-Qyzmet жүйесі конкурстық іріктеу уақытын 5–7 жұмыс күніне дейін қысқартса, AI Qyzmet жобасы арқылы 64 мыңнан астам қызметші заманауи құралдарды пайдалануды меңгерді. Сонымен бірге Академия жанынан арнайы зертхана ашылып, басшы құрамға арналған AI Governance бағдарламасы қолға алынған. Диалог аясында Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай БАӘ Мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы президенті Али бин Себаа Аль Марримен екіжақты кездесу өткізіп, тәжірибе алмасу бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.