«Әділет» партиясының өкілдері өңірдегі өндірісті дамыту жоспарын таныстырды
Абай облысында «Әділет» партиясының кандидаттары кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысында «Әділет» партиясының кандидаттары Мерей Қарт, Лилия Муслимқызы және Алмас Әділбеков кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізіп, 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Кәсіпорын қызметкері Қуаныш Қасенов жүргізген жиында өндірісті ілгерілету, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Жиында ауылдарды ауызсумен, жолмен және сапалы тұрғын үймен қамту қажеттігі сөз болды. Әлеуметтік бағытта 5 200 орындық 8 жаңа мектеп пен 12 емдеу нысанын тұрғызу, алты жылда 342 білім мекемесін жөндеу және 21 спорт кешенін салып, қайта жаңарту жоспарланған. Денсаулық сақтау шаралары нәтижесінде өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізу көзделген. Сонымен қатар кәсіпкерлік пен өндірістік әлеуетті дамыту мақсатында су үнемдеу технологиясы қолданылатын егістік алқабын 35 мыңнан 88,2 мың гектарға дейін ұлғайту, 527 ауыл маманына қолдау көрсету және 178 ауылды сапалы байланыс желісімен қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.