28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Тоқаев ауыл халқына смартфонмен ақша табуды үйретуді ұсынды

Тоқаев 26 қарашада Мәскеуде жасанды интеллект өкілдерімен кездесіп, ауыл тұрғындарына цифрлық платформалардан табыс табуды үйрету қажет екенін айтты. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев ауыл халқына смартфонмен ақша табуды үйретуді ұсынды
Фото: Stan.kz

Тоқаев 26 қарашада Мәскеуде жасанды интеллект өкілдерімен кездесіп, ауыл тұрғындарына цифрлық платформалардан табыс табуды үйрету қажет екенін айтты. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, ауылда интернет болса, үйде отырып-ақ нәпақа табуға болады. Мұндай тәсілді ол «халықтық цифрлық экономика» деп атап, тұрғындарды мемлекет көмегіне қарап отырмай, өз бетінше табыс табуға шақырды.

“Қазір бәрі смартфон қолданады. Бірақ оны тек қоңырау шалу, хат алмасу, фильм көру немесе TikTok қарау үшін қажет деп ойлайды. Ал смартфонды дұрыс пайдаланса, интернет бар ауылда отырып-ақ ақша табуға болады”, – деді Тоқаев.

Ресми құжаттардың мәліметінше, Үкіметке ауыл өнімдерін электронды сауда алаңдары арқылы өткізу жүйесін құру жүктелген. Тауарды сақтау, жеткізу және ауыл кәсіпкерлеріне алдын ала қаржы беру тетіктері жасалады. Сондай-ақ цифрлық платформаларда ақылы тапсырма орындайтындар үшін 2026 жылдың соңына дейін жұмыспен қамтудың жеңілдетілген тәртібі енгізілмек. Пилоттық жобалар 2027 жылдың 1 қыркүйегіне дейін бағаланып, тиімді болса, бүкіл елге таратылады.

Еске салсақ, бұған дейін ауыл кәсіпкерлерін ірі маркетплейстерге қосып, шалғай елді мекендерде тапсырыс қабылдау бекеттерін ашу жоспарланған болатын. Бұл ауылдағы ағайынның қолындағы смартфонын нақты табыс көзіне айналдыру үшін қажет.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.