Қазақстанда жеті жыл ішінде 36 мың шақырымнан астам жол жөнделіп, теміржол желілері салынды
2019–2025 жылдары елімізде 36,3 мың шақырым автомобиль жолы салынып, жөнделді, сондай-ақ 911 шақырым жаңа теміржол пайдалануға берілді, деп хабарлайды NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.

2019–2025 жылдары елімізде 36,3 мың шақырым автомобиль жолы салынып, қайта жаңғыртылды және жөндеуден өтті, деп хабарлайды NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап. Көлік инфрақұрылымын дамыту барысында 5,2 мың шақырым тасжолда құрылыс пен қайта құру жұмыстары толық аяқталды. Ірі жобалар қатарында Орталық – Шығыс көлік дәлізі, Астана қаласының айналма жолы, Талдықорған – Өскемен, Қарағанды – Алматы, Атырау – Астрахань секілді бағыттар бар. Сонымен бірге республикалық маңызы бар 9 мың шақырым және жергілікті маңыздағы 22,1 мың шақырым жол жөндеумен қамтылды. Теміржол секторында жеті жыл ішінде 911 шақырым жаңа желі салынып, бүгінде тағы 800 шақырымдық жаңа теміржол құрылысы мен 2,6 мың шақырымға жуық учаскені жаңғырту шаралары жалғасуда. Мұның ішінде 836 шақырымдық Достық – Мойынты және Алматы станциясын айналып өтетін 75 шақырымдық жолдар бар. Қазіргі кезде жүріп жатқан Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз және өзге де ірі жобаларды 2026–2027 жылдары аяқтау көзделген.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.