Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 58,5 трлн теңгеге жетті
Қазақстанда биылғы қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 58,5 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндіріс индексі 103,5%-ды құрады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда биылғы қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 58,5 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 103,5%-дық көрсеткішті құрады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. Өндіріс көлемі бойынша алдыңғы орында 14,3 трлн теңгемен Атырау облысы тұр, одан кейінгі қатарда Қарағанды (4,7 трлн теңге), Павлодар (3,7 трлн теңге) облыстары, Астана қаласы (3,4 трлн теңге) және Маңғыстау облысы (3,3 трлн теңге) орналасқан. Өсім қарқыны бойынша Жетісу (29,9%), Түркістан (23,8%), Алматы (19,4%), Жамбыл (17,8%) облыстары мен Алматы қаласы (21,5%) жетекші орындарға шықты. Сонымен бірге Шымкентте өндіріс 13,3%-ға, Солтүстік Қазақстанда 12,7%-ға, елордада 11,6%-ға, Павлодарда 8,2%-ға, Ұлытауда 7,7%-ға, Қызылордада 6%-ға, Маңғыстауда 4,4%-ға, Қарағандыда 4,3%-ға, Қостанайда 2%-ға, Абай облысында 1,9%-ға артып, оң қарқын 20 өңірдің 16-сында тіркелді. Негізгі үлеске ие болған өңдеу өнеркәсібінде индекс 109,3%-ға жетті. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіпте 59,5%, фармацевтикада 50,9%, машина жасауда 22,2%, химия өнеркәсібінде 21,9%, резеңке мен пластмасса өндірісінде 18,1% өсім байқалды, оның ішінде автомобиль өндірісінің индексі 130,5%-ды құрап, электронды жабдықтар шығару 83,6%-ға ұлғайды. Ал тау-кен өндірісінде индекс 96,6%, электр және газбен жабдықтауда 111,3%, сумен қамту және қалдықтарды басқару саласында 108,9% болды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.