28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Несиені ерте жабу: төлемді азайту тиімді ме, әлде мерзімді қысқарту ма

Қазақстандықтар несиені мерзімінен бұрын ішінара өтеген кезде төлем сомасын азайту немесе қарыз мерзімін қысқарту жолын таңдай алады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Несиені ерте жабу: төлемді азайту тиімді ме, әлде мерзімді қысқарту ма
Фото: Aikyn.kz

Қазақстандықтар несиені мерзімінен бұрын ішінара өтеген кезде төлем сомасын азайту немесе қарыз мерзімін қысқарту жолын таңдай алады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, мерзімді қысқартқан кезде ай сайынғы төлем мөлшері өзгермейді, бірақ борышкер банкке қарызынан тезірек құтылып, артық төлемді айтарлықтай үнемдейді. Ал ай сайынғы төлемді азайтса, несие мерзімі сол күйі сақталады да, ай сайынғы шығын азаяды. Мұндай қадам күнделікті шығыны көп немесе табысы тұрақсыз азаматтар үшін қолайлы.

Дегенмен мамандар қолдағы барлық жинақты несиені жабуға салуға кеңес бермейді. Себебі күтпеген жағдай туындаса, қорсыз қалған адам қайтадан қарыз алуға мәжбүр болады. Сондықтан шешім қабылдар алдында қаржылық жастықтың бар-жоғын ескеру маңызды.

Еске салсақ, Қазақстанда 2025 жылғы 31 тамыздан бастап жеке тұлғаларға қарызды мерзімінен бұрын жапқаны үшін айыпақы салуға тыйым салынған. Бұл ереже бұрын бекітілген шарттарға да қатысты. Сонымен бірге банктер өтініш қабылдау уақыты мен ең төменгі төлем мөлшері секілді ішкі ережелерін өзі белгілейді, ал ипотекасын толық өтегендер баспананы кепілден шығару тәртібін алдын ала анықтап алғаны абзал.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.