Инфрақұрылымды жаңарту: Тоқаев Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлгізбек
Тоқаев 2029 жылға дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлуді тапсырды. Бұл туралы NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев 2029 жылға дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлуді тапсырды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz басылымына сілтеме жасап.
Үкіметке осы сала бойынша бұрын-соңды болмаған жоспар әзірлеу тапсырылды. Белгіленген қаражаттың 1,5 триллион теңгесі биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларға бағытталуы керек. Бөлінетін 6,5 триллион теңге – Ұлттық қордың жиынтық активінің 20 пайызына тең.
“Бірақ Ұлттық қордың ресурсын жинақтау және оны пайдалану арасында теңгерім сақталуға тиіс. Қаражатты тек қоғамға барынша пайдалы дүниеге ғана жарату керек. Ең бастысы, жұмсалған ақшаның экономикалық және әлеуметтік қайтарымы болуы қажет”, – деді Тоқаев.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылғы 10 қарашада қордың валюталық активтері 66,9 миллиард АҚШ долларын немесе шамамен 32,5 триллион теңгені құрады.
Еске салсақ, қор активтерінің түсімі мен көлемі мұнай бағасы мен әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға тікелей байланысты болып отыр.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.