Ташкенттің лас ауасы: "Қазгидромет" Өзбекстан таратқан ақпаратты жоққа шығарды
Өзбекстандық БАҚ Ташкенттегі ауаны Қазақстаннан барған шаң ластады деген ақпарат таратты, бірақ отандық синоптиктер бұған қарсы шықты. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстандық БАҚ Ташкенттегі ауаны Қазақстаннан барған шаң ластады деген ақпарат таратты, бірақ отандық мамандар мұның ғылыми дәлелі жоқ екенін айтты. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, мамандар 2026 жылдың 15–22 қарашасы аралығында Ташкент, Сарыағаш және Шымкент аудандарындағы ауа ағындарын зерттеп шыққан. Нәтижесінде Ташкент маңында жел бәсеңдеп, ауа массалары көбіне Ираннан, Қызылқұм шөлінен және Өзбекстанның оңтүстік-батысынан соққаны белгілі болды. NOAA HYSPLIT есептеу моделі де Қазақстаннан Ташкентке қарай ауа тікелей бармағанын көрсеткен.
Сонымен қатар, Өзгидрометтің 20 қарашадағы бюллетенінде PM-10 бөлшектері Бұхарада – 291,9, Науаида – 272,2, Жизақта – 181, Самарқанда – 170,1 мкг/м³ болған. Ал Ташкентте небәрі 23,9–75,4 мкг/м³ деңгейінде тіркелген. Қазақстандық синоптиктердің пікірінше, шаңның көбеюіне қаладағы көлік қозғалысы, жылыту жүйелері, зауыттар мен құрылыс жұмыстары әсер еткен.
Сондай-ақ мамандар 2015–2025 жылдардағы деректерді де қарап шықты. Белгілі болғандай, Сарыағаштан Ташкентке қарай ауа ағыны небәрі 3-5% жағдайда ғана барады. Біздің синоптиктердің бұл қорытындысын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ресейдің Росгидрометі және Беларусьтің Белгидромет мамандары да растаған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның 12 қаласында ауа сапасы нашарлайтыны туралы ақпарат жарияланған еді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.