28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Индонезияда Қазақстанның туристік әлеуеті мен басты бағыттары таныстырылды

Индонезияда еліміздің танымал туристік орындары таныстырылып, серіктестікті дамыту жайы қаралды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Индонезияда Қазақстанның туристік әлеуеті мен басты бағыттары таныстырылды
Фото: Aikyn.kz

Индонезияда Қазақстанның туристік әлеуеті арнайы шара барысында таныстырылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Басқосуға мемлекеттік ведомство өкілдері, Индонезия туристік агенттіктер қауымдастығы (ASTINDO), сарапшылар, блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов сөз сөйлеп, мемлекеттегі инфрақұрылымды жаңғырту мен туризм саласындағы серіктестік мүмкіндіктеріне тоқталды. Қатысушылар назарына «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, Шарын шатқалы, Көлсай және Қайыңды көлдері, Бурабай, Маңғыстау өңірі мен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі секілді бірегей орындар таныстырылды. Сонымен қатар «Foreign Policy Community of Indonesia» ұйымының негізін қалаушы Дино Патти Джалал екіжақты мәдени-туристік байланыстардың маңызын айтса, «Garasi Travel» компаниясының жетекшісі Эмзи Ардивината екі жылда 20-дан аса тур ұйымдастырып, индонезиялықтардың Қазақстанға қызығушылығы өскенін атап өтті. Іс-шара аясында еліміздің көрікті жерлеріне арналған фотокөрме мен бейнепрезентация ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.