Теңізбаев отандық күрес пен мансабы жайлы сұхбат берді
Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев EL.SPORT жобасында сұхбат берді, деп хабарлайды NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев EL.SPORT жобасында сұхбат берді, деп хабарлайды NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.
Жобаның мәліметінше, спорт шебері қазіргі отандық грек-рим күресінің ахуалы мен ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы нәтижелерін талқылады. Сондай-ақ әңгіме барысында Жаркент күрес мектебінің өзіндік ерекшелігі мен жас спортшылардың қарым-қабілеті сөз болды.
Бұдан бөлек, Теңізбаев Демеу Жадыраевқа қарап бой түзейтінін және депутат болуды армандамағанын атап өткен. Сұхбатта балуан үшін жеңістің бағасы мен спорттағы тағдыр жайы да көтерілді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.