Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінде психологиялық дәріс ұйымдастырылды
Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет ететіндерге арналған психологиялық дәріс өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде келісімшарт негізінде қызмет атқаратын жеке құрам үшін психологиялық танымдық дәріс ұйымдастырылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Жиынға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің әлеуметтік психологі Самал Сабырбекова қатысып, «Суицидтік көріністердің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында маман дағдарыстың алғашқы белгілерін байқау, күйзеліс кезінде өзін-өзі ұстау, эмоционалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұжымдағы өзара көмектің рөлі туралы айтты. Сондай-ақ қызметтестердің көңіл күйіне сергек қарап, қиын сәттерде уақытылы кәсіби қолдауға жүгінудің маңызы сөз болып, сарбаздар өздерін толғандырған сауалдарына тұшымды жауап алды. Мұндай іс-шараның негізгі мақсаты — әскерилердің моральдық-психологиялық сауаттылығын жетілдіру, суицид қаупінің алдын алу және әскери ұжымдағы сенімге негізделген жағымды ахуалды бекіту.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.